
Құрметті салық төлеушілер!
Қырғызстан Республикасының 12.08.2015ж. Еуразиялық экономикалық одағының толық мүшесі болуына байланысты, Қазақстан Республикасы аумағына Қырғыз Республикасынан тауарларды импорттаған кезде, салық төлеуші орналасқан жері (мекен-жайы) бойынша, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар декларациясын, қағаз және электрондық түрде немесе электрондық түрде, салық кезеңінің келесі айының 20 жұлдызына дейін кешіктірмей тапсыруы міндетті.
Жанама салықтар Декларациясымен бірге, салық төлеуші Салық кодексінің 276-20 бабында көрсетілген құжаттар тізбесін салық органдарына тапсырады.
Импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы, салық төлеуші орналасқан жері (мекен-жайы) бойынша, салық кезеңінің келесі айының 20 жұлдызынан кешіктірмей (БКК105115) төлеуге міндетті.
ЕурАзЭО мүше-мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды импорттау кезінде жанама салықтардың есептелу және төленуінің салық кезеңі, импортталған тауарлардың есепке қойылғанынан бастап, айлық күнтізбе болып табылады.
Барлық туындаған сауалдарыңыз бойынша, Мемелекеттік кірістер басқармаларына орналасқан жері (мекен-жайы) бойынша келесі телефондар арқылы байланысуға болады:
Әуэзов ауданы-бөлім басшысы, телефоны 303-25-08,
Бостандық ауданы-бөлім басшысы, телефоны 275-48-29,
Жетысу ауданы-бөлім басшысы, телефоны 279-09-84,
Жетысу ауданы-бөлім басшысы, телефоны 267-69-74,
Түрксиб ауданы-бөлім басшысы, телефоны 236-65-15,
Медеу ауданы-бөлім басшысы, телефоны 267-69-62,
Алатау ауданы-бөлім басшысы, телефоны 299-83-27.
2015 ЖЫЛДЫҢ 20 ТАМЫЗЫ САҒАТ 15:00-ДЕ АЛМАТЫ Қ. БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҒИМАРАТЫНДА «ЕЭО экспорт және импортты тасымалдау, жұмыстарды жүзеге асыру кезіндегі ҚҚС төлеудің ерекшеліктері» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛЕТІНДІГІН ҚОСЫМША ХАБАРЛАЙМЫЗ.