Date of publication: 27.05.2015 22:02
Date of changing: 28.05.2015 09:34

 

«Алматы қаласы мемлекеттік кірістер органдарында мемлекеттік қызмет сапасын жоғарылату бойынша жасалып жатқан жұмыс туралы»

Баспасөз хабарламасы

Соңғы жылдары Алматы қаласы мемлекеттік кірістер органдарында қызмет көрсету сапасы аясында едәуір жұмыс жасалды.

Қызмет көрсетудің сапасын жоғары деңгейге жеткізу мақсатында кешенді іс-шаралар атқарылды:

-  барлық аудандарда «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс жасайтын Орталықтар құрылды;

- мемлекеттік қызмет алу бойынша салық төлеушілерде туындайтын сұрақтарды бағыттау рөлін атқаратын  «анықтамалық» Модератор енгізілді;

- кезекті басқарудың электронды жүйесі енгізілді;

- қызмет көрсету процесін  бақылау мақсатында кедендік бекеттер мен Орталықтардың барлық қызметкерлері жеке видеобақылау камераларымен жабдықталған.

Салық төлеушілерге де, сыртқы экономикалық қызметкерлерге де Қызмет көрсету процесін бақылау Департаментке қарасты құрылған  – Ситуациялық Орталығы арқылы жүзеге асырылады.

Орын алған мәселелерді зерттеу нәтижелерінде, кедендік декларацияны толтырудан бастап тауарды шығару сатысына дейін бақылауды жүзеге асыратын кедендік декларациялауды бақылау Жүйесі және қызмет көрсету Орталықтарынан тыс қызмет көрсетудің сапасын бақылауды қамтамасыз ететін кіріп шығу Жүйесін бақылау сияқты бірқатар пилоттық жобаларға  бастамашылық етілді.

Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлері жұмысының айқындығын, клиентке бағдарлығын арттыру мақсатында Жаңа инновациялық шешімдерді енгізу, кедендік ресімдеудің уақытын үш есе үнемдеуге, салық төлеушілерден келіп түсетін сөгулердің екі есе азаюына, салықтардың және бюджетке түсетін басқа да төлемдердің түсу көлемінің өсуіне мүмкіндік берді.

Жалпы, Алматы қаласы тұтынушыларының мемлекеттік қызмет алудағы қанағаттанарлық деңгейі жалпыреспубликалық деңгейден жоғары: салық органдары қызметтері бойынша қанағаттанарлық 9,6 ұпай (республика бойынша орташа – 8,9), кеден органдары бойынша - 8,9 ұпай (орташа- 8,3).