Date of publication: 27.05.2015 16:51
Date of changing: 27.05.2015 18:25

САЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІ  БОЙЫНША БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 2015 жылдың 29 мамырында Алматы қаласында («The Ritz Carlton Almaty» қонақүйі) ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті қызметтерінің сапасына жүргізілген мониторинг нәтижелерін талқылау өтпекші. Сауалдау нәтижесінде, салық органдарының қызметтеріне қанағаттанушылар пайызы орташа есеппен  83,5%, кеден органдарының қызметтеріне риза болушылар саны  – 70,9%, экономикалық тергеулер қызметтеріне қанағаттану пайызы (бұрынғы қаржы полициясы) – 59% құрады. Зерттеу көрсеткендей, қызметтердің электронды түрде көрсетілуі сыбайлас жемқорлық оқиғаларын 4 есе азайтқан.

 

2007 жылдан бері Қазақстан салық төлеушілері ассоциациясы жүйелі түрде  әлеуметтанушылық сауалдар негізінде салық қызметтерінің сапасына мониторинг жүргізіп келеді, оның мемлекеттік қызметтерді жақсартудағы тиімділігі жоғары екендігіне Қаржы министрлігінің шешімдерді қабылдау кезінде сол мониторинг нәтижелеріне сүйенуін дәлел етіп келтіруге болады. Қазіргі 2015 жылы мониторинг аясы кеңейтілді: салық қызметтерінен басқа, кеден қызметтері, сонымен қатар экономикалық тергеулер қызметінің (ЭТҚ) жұмысы да  нысанаға алынды. Осы мониторингты сегіз жыл қатарынан жүргізу нәтижесінде салық органдарында заңсыз сыйақы беру азайды, 2008 жылы 5% болған болса, 2015 жылы 0,7% құрады.  Электронды қызметтерді тұтынушылар үлесі 2015 жылы бизнеске қатысты салық қызметтері бойынша  – 35%, халыққа арналған қызметтер бойынша – 24%, кеден қызметтері бойынша – 8,4%-ды құрауы көңіл қуантарлық жайт. Бұл зерттеу көрсеткендей, электронды тәсілмен қызмет көрсету арқасында сыбайлас жемқорлық келеңсіздіктері 4 есе азайды.

Сауалдау нәтижелері бойынша,  орташа есеппен салық органдарының қызметтеріне қанағаттанушылар пайызы 83,5%, кеден органдарының қызметтеріне риза болушылар саны – 70,9%, экономикалық тергеулер қызметтеріне (бұрынғы қаржы полициясы) қанағаттану пайызы– 59%.  Соңғы төмен көрсеткішті қызмет көрсету тиімділігінің төмендігімен түсіндіруге болады, атап айтқанда, шығындардың  31% -ның кеден қызметіне және  41%-ның экономикалық қылмыстардың алдын-алуға жұмсалуы оң нәтиже берер емес.

Қызмет көрсетудегі осалдықтарға тоқталар болсақ –  олар 1) техникалық жабдықталуға, соның ішінде кеден қызметтеріне арналған, кеден қызметтерінің қолданысындағы серверлердің, компьютерлердің, сканирлеуші құрал-жабдықтардың жұмысына байланысты, 2) электронды коммуникациялардың интернет немесе телефон арқылы жүзеге асырылуы, 3) қызметті алу/ күту шарттары.

Қиындықтар туындатушы қызметтерге салық тексерістері мен шағымдану, кеден тексерістері мен қуыну,  экономикалық тергеулер қызметтері бойынша қызықтыратын сұрақтар бойынша түсіндірмелер беру және қызмет сапасына қанағаттанушылары жартысына жуығын құрайтын экономикалық қылмыстардың алдын-алу мәселесі жатады.

Аймақтар бойынша орташа есеппен 10-ұпайлық жүйемен есептегенде салық органдарының қызметтеріне көңіл толмайтындардың ең көбі  – Астана қаласында, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында тұрады  (10 ұпайлық жүйе бойынша 7,5-7,8 ұпай), кеден қызметтеріне – Маңғыстау, Алматы облыстары, Астана қаласы (6,4-6,9 ұпай), ЭТҚ жұмысына  Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл және Атырау облыстары  және Астана қаласы тұрғындары риза болмайды екен (5,9-6,9 ұпай).

«Шекарадағы кедендік бақылау» қызметі  он алты кеден бекеті бойынша бағаланып, олардың ішінде алда тұрғандары Қалжат, Қапланбек (10 ұпайдан 9), Майқапшағай, Сарыағаш және Жібек жолы (8,2-8,8 ұпай). Тізімнің соңғы жолдарында Сыпатай батыр, Қарасу және Қордай бекеттері аталған(3,1-7,1 ұпай). 

Сауалдау нәтижелері бойынша, кеден органдарында салық органдарымен салыстырғанда сыбайлас жемқорлық деңгейі 10 есе жоғары  (0,7% және 6,9%).   Ең парақорлық ендеген қызмет  –бұл шекарадағы кедендік бақылау  -19,5% (заңсыз сыйақы беру) және 13,1% (қызметтердің таныстық бойынша көрсетілуі). Жекелеген аймақтарда сыбайлас жемқорлық көрсеткіштері  40%-ға дейін барады. Сыбайлас жемқорлық оқиғалары жеке  тұлғалардың шекарадан өтуі кезінде жиі кездеседі –олардың 7,8%-ы заңсыз сыйақы берген болып шықты. Сауалдау нәтижелері бойынша, сондай-ақ тауарлардың құнын қосымша тексеру (5,3%), тауарларды жіктеу бойынша шешім шығару және есептеулерді салыстыру (3,5-3,8%) кезінде сыбайлас жемқорлыққа жиі жол беріледі екен. Салық қызметтерінің ішінде сыбайлас жемқорлықтың кең таралған саласы заңды тұлғаны тарату немесе ЖК қызметін тоқтату болып табылады. Бұл жағынан алға шыққандар Маңғыстау, Жамбыл және Ақтөбе облыстары.

Сауалдау нәтижелері бойынша, тауарларды кедендік тазарту және тауарлардың құны бойынша қосымша тексеріс жүргізу (орташа есеппен 100-110 мың теңге), заңды тұлғаны тарату (70 мың теңге) кезінде пара құны жоғары болады екен, алайда басқа қызметтер үшін де  5-20 мың теңгеден ресми емес сыйақы  берілетін болып шықты

Сауалдау нәтижелері бойынша, сыйақының берілу тәсілдеріне тоқталатын болсақ,  олар әртүрлі (делдалдар арқылы, таныстар арқылы, қызметкердің тікелей өзіне), демек  сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру механизмдері мүлдем жасақталмаған немесе тиімсіз, яғни қызметкерлердің параны емін-еркін қабылдауына тосқауыл қойылмайды.

Мемлекеттік кіріс органдарының қызметшілеріне жүргізілген сауалнама нәтижелері көрсеткендей,  мотивацияның жеткіліксіздігі, төлемақы мөлшері, материалдық-техникалық қамсыздық, басқа мемлекеттік органдармен арадағы деректер қоры  сияқты мәселелер өте өткір қойылып тұр. Олардың ішіндегі ең басты мәселе –қолданыстағы материалдық ынталандыру жүйесі жұмыс нәтижелерімен және тұтынушыларға қызмет көрсету сапасымен еш қабыспайды.

Зерттеу нәтижелері  келесідей қорытындыға алып келеді, яғни қызметтерге қанағаттану деңгейін арттыру үшін  қоғам алдындағы салық міндеттемелерін орындауына көмектесе  отырып, салық органдары қызметкерлерінің салық төлеушілердің мүддесіне қызмет ету мотивациясын қалыптастыру қажет. Кедендік органдар бойынша тіпті қызметкерлерді толығымен ауыстыру сияқты түбегейлі шаралар талап етіледі,  жалақыны бірнеше есе көтеріп, қызметкерлер санын қысқарту да ұсынылады. Соған қоса органдардың жұмысының тиімділігін арттыру үшін түсіндіру жұмыстарын, ұсынылатын ақпарат сапасын жақсартып,  кәсіби шеберлікті, сонымен бірге техникалық және басқарушылық шешімдер арқасында  серверлер мен компьютерлердің жылдамдықтарын арттыру  қажет болуы да мүмкін.

Зерттеу Қазақстанның барлық аумақтарын қамтыды және 13424 респонденттің, 6747 салық қызметтері тұтынушысының, 5700 кеден қызметтерін пайдаланушылар мен  977 қызмет жеткізушінің жауаптары зерделенді. Сауалдауды «Сандж» зерттеулер орталығы Қазақстан салық төлеушілер ассоциациясының тапсырысымен және Эфес Қазақстан ЖК АҚ, «ВАРВАРИНСКОЕ» АҚ, «Еуразиялық Топ» ЖШС, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Өскемен  титан-магний  комбинаты» АҚ,  «Қазақстан Халық Банкі» АҚ,  «KAZMinerals Management» ЖШС, Ланкастер Групп Казахстан АҚ, «Филип Моррис Казахстан», CapitalPartners ЖШС, «АК Алтыналмас» АҚ,  EY, «Big Sevens & Consulting» ЖШС, «Рахат» АҚ,  «TSDevelopment» ЖШС,  Бритиш Американ Тобакко ЖШС қаржылық қолдауымен жүргізді.

 

 

Есептің толық мәтіні www.ank.kz сайтына орналастырылатын болады.

 

87273341832, 2223670 телефондары, info@ank.kz бойынша 28 мамыр күні сағ.15-тен кешіктірмей аккредитациялануды сұраймыз.

Дөңгелек үстел жұмысы бойынша қосымша ақпарат алу үшін Алматы қаласына 8 (727) 3341832, 2223670, 3922847 телефондары бойынша Қазақстан салық төлеушілері ассоциациясына хабарласуыңызға болады.