Date of publication: 05.06.2025 11:05
Date of changing: 05.06.2025 11:07

2025 жылғы 3 маусымда Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Мұхамеджанов А.К.-нің төрағалығымен және Адам ресурстарын басқармасының қатысуымен лудоманияға (ойынға тәуелділікке) қарсы күрес мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өтті.

Іс-шараға Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің барлық құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.

Кеңестің спикерлері:

— «Возрождение life» оңалту орталығының басшысы Хамит Ш.А.

— «Адырна» ұлттық-этнографиялық қоғамдық қорының жоба менеджері Сипанов Е.А.

— сондай-ақ «Возрождение life» орталығының консультанттары, кеңесшілері және клиникалық психологы.

Кеңесте 2024 жылғы 9 қыркүйекте қабылданған заңнамаға енгізілген өзгерістерге ерекше назар аударылды. Бұл өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуына тыйым салынады. Бұл талаптардың орындалмауы қызметке қабылдаудан бас тартуға немесе лауазымнан босатуға әкеп соғады.

Қатысушыларға ойынға тәуелділіктің алдын алуға бағытталған бейнематериалдар көрсетілді.

Бұрынғы кәсіби ойыншылар, бүгінде орталықтың консультанттары, өздерінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, құмар ойындарға мүлдем төзбеушіліктің маңыздылығын атап өтті.

Департамент лудоманиямен байланысты қауіп-қатерлерден қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту бойынша жұмысты жалғастырады.