
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен сенімді серіктестік, қатынасты дамытуға байланысты, мемлекеттік кірістер органдары қызметтерінің келесі қадамы болып Уәкілетті экономикалық операторлар институты табылады.
Уәкілетті экономикалық операторлардың осы институты мемлекеттік кірістер органдары үшін және сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін де өзара ұтымды екенін айта өткен жөн. Екеуі үшін де – бұл кедендік рәсімдерді оңайлату.
Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларына сәйкес белгіленген шарттарға сай келетін, арнайы оңайлатуларды пайдалануға құқылы заңды тұлға уәкілетті экономикалық оператор болып табылады.
Қазіргі уақытта Уәкілетті экономикалық операторлар тізілімінде 6 (алты) заңды тұлға тіркелген.
Уәкілетті экономикалық операторға мынадай арнайы оңайлатулар беріледі:
уәкілетті экономикалық оператордың үй-жайларында, ашық алаңдарында және өзге аумақтарында тауарларды уақытша сақтау;
кедендік транзит рәсімін жүзеге асыру кезінде кеден органдары кедендік баждар мен салықтардың төленуін қамтамасыз етудің ұсынылуын талап етпейді;
кедендік декларацияны беру алдындағы кедендік операцияларды жасаудың және кедендік рәсіммен орналастырудың бірінші кезектегі тәртібі;
мерзімдік кедендік декларациялауды жүзеге асыру кезінде кедендік баждар мен салықтардың төленуін қамтамасыз ету қолданылмайды.
Уәкілетті экономикалық операторға мынадай қосымша арнайы оңайлатулар берілуі мүмкін:
уәкілетті экономикалық оператордың үй-жайларында, ашық алаңдарында, аумақтарында тауарларды шығаруға байланысты кедендік операциялар жүргізу;
Кеден кодекстің 298-бабына сәйкес кедендік декларацияны бергенге дейін тауарлар шығару;
Кеден кодекстің 319-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен уәкілетті экономикалық операторлар үшін кедендік транзит рәсімін қолдану.
Заңды тұлғаға уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәлік беру арқылы береді және ол Қазақстан Республикасының барлық аумағында танылады.
Сонымен қатар, СЭҚҚ-қа Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) және Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы арасындағы қазақстан-қытай кеден шекарасында «Сенім» жобасын (бұдан әрі – «Сенім» жобасы) іске асыру туралы хаттамаға қойылғандығын жеткізу қажет.
«Сенім» жобасы - уәкілетті экономикалық оператор мәртебесіне ие заңды тұлғалар үшін екі жақ елдерімен көзделгендей, арнайы оңайлатулар ұсыну бойынша кешенді шара.
«Сенім» жобасы қатысушыларға:
Өткізу пункттерінде тауардың келуімен байланысты кеден операцияларының уақытын минимизациялауға;
Жеке жүру жолақтары бойынша орын ауыстыруға (өткізу пункттерінде инфрақұрылымдық мүмкіндіктер болған жағдайда);
Операциялық залдарда құжаттамалық бақылауды өткізу үшін жеке жұмыс орындарына (терезе);
Уәкілетті экономикалық операторлардың тауарларды бөлмелерде, ашық алаңдарда және басқа да аумақтарда уақытша сақтауға;
Кеден транзиты процедурасын орындау кезінде кедендік баж салығын және салықтарды төлеуді қамтамасыз ету бойынша талаптардың болмауына;
Кедендік декларацияны беруге және кеден процедурасына беруге дейінгі кедендік операцияларды орындаудың бастапқы тәртібіне;
Кедендік декларациялау үнемі орындалған жағдайда кедендік баж салығын және салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді орындамау секілді мүмкіндіктер береді.
Нақты жобаның қатысушылары болып арнайы жеңілдіктерді қолданушыларға қатысты, екі жақ елдерінің заңнамаларына сәйкес уәкілетті экономикалық оператор мәртебесі бар, заңды тұлғалар болуы мүмкін.