
Ресейлік бизнесмен заңсыз тауарды импорттап, оны сатпақшы болды.
Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің экономикалық тергеу қызметі жедел-іздестіру іс-шарасы барысында, Ресей Федерациясының Омск қаласынан келген тіркемесі бар Мерседес-Бенз жүк автомашинасын тексеру барысында, Ресейлік кәсіпкер тауардың шыққан елін растайтын куәландыратын құжаттарсыз ірі мөлшерде тұрмыстық химия топтамасын Алматы базарларына өткізу мақсатында алып келгені анықталды.
ҚР Салық кодексінің 276-20 б. сәйкес, салық төлеушіде импортталатын тауарды куәландыратын құжаттардың болуы міндетті. Аталған жағдайда бұл шот-фактуралар, тауарды сатып алғандығын растайтын түбіртектер, мемлекеттік шекараны өткендігі туралы талон, тауар-көлік жүкқұжаты. Бұл құжаттардың біреуі кәсіпкерде болмады.
Сондай-ақ, ҚР Салық кодексінің 562 б. сәйкес, кеден одағына мүше мемлекеттерден тауар импортталған жағдайда, салық төлеушіде тасымалданатын тауардың жалпы соммасының 12% мөлшерлемесінде ҚҚС төлеу және салықтық есептеме көрсету міндеті туындағандықтан, бейрезидент келген жері бойынша мемлекеттік кірістер органына есепке тұру керек. Мемлекетке келтірілген зардаптың болжалды соммасы анықталуда.
Алдында, БАӘ және Қытай мемлекеттерінен ұқсас заңсыз тауарайналымы фактілерінің алды алынған болатын.
Осыған орай, Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің экономикалық тергеу қызметімен ұқсас іс-шаралар тұрақты түре жүзеге асырылып отырады.