Date of publication: 15.04.2015 20:36
Date of changing: 16.04.2015 16:13

 

Шетелде жылжымайтын мүлкің болса- оны заңдастыруға асық!

 

                 

 Қазақстан тұрғындарының кірістерін жалпылама декларациялауды енгізу жолында шетелдегі жылжымайтын мүлікті жария ету (заңдастыру) бойынша акция жарияланды.

Сондықтан 2014 жылдың 1 қыркүйегі мен  2015 жылдың 31 желтоқсаны аралығында ҚР аумағынан тыс орналасқан жылжымайтын мүлікті жария ету керек.

Ол үшін:

  1.  Заңға сәйкес қосымша 1 нысаны бойынша екі данада жылжымайтын мүлікті жария ету үшін  арыз;

  2. Жеке куәліктің көшірмесі, арызды өткізу кезінде жеке куәліктің түпнұсқасын ұсыну;

  3. Мүлікті растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

  4. Мүлікті бағалау немесе сатып алудың құнын растайтын құжат;

  5. Мүліктің бағалау немесе сатып алу құнының 10 пайызы көлемінде алымның төленгенін растайтын құжат қажет.