
Алматы қаласы бойынша жемқорлықпен күрес қызметінің және Алматы қаласы бойынша МКД –нің ішкі қауіпсіздік басқармасымен бірлескен жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижелері бойынша, 08.04.2015 ж. тіркелген сотқа дейінгі тергеу ісі бойынша ҚР ҚК 366 б. 3 т. 2,3 п. сәйкес , ірі мекеменің директорынан делдал арқылы 500 000 АҚШ доллары көлемінде пара алған Алматы қ. бойынша МКД кедендік басқару бекеті бөлімінің бас маманы ұсталды. Қазіргі уақытты, алдын-ала тергеуді ҚР Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүзеге асыруда.