
"Қазақстан Республикасының аумағында салық төлеушілер ақшалай есеп айырысу кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 206 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасы әзірленді.
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігімен Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 166-бабы 2-тармағына сәйкес, екінші деңгейдегі банктерді босату бөлігінде, Ұлттық пошта операторының банктік операцияларды жүзеге асыруды ескере отырып, сонымен қатар Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының 2019 жылғы 11 наурыздағы № 01/05/656 хаты негізінде «Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 206 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасы әзірленді.
Осы бұйрық http://legalacts.egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында 19.04.2019 жылы орналастырылды