Дата публикации: 17.05.2019 11:33
Дата изменения: 17.05.2019 11:33

Ә.Смайылов атап өткендей, әлеуметтік және күрделі шығындарды қамтамасыз ету үшін ҚР Үкіметі оларды тиісті кірістермен қамтамасыз ету бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізуде.

Осылайша, бүгінгі күні салықтық және кедендік әкімшілендіруді цифрландыру, шағын және орта бизнес субъектілерінен жергілікті бюджеттерге корпоративтік табыс салығын беру бойынша келесі жұмыстар жүргізілуде, тұрғындарды қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды пайдалануға ынталандыру бойынша жаңа құралдар әзірленуде, бұл кәсіпкерлік субъектілері кірістерінің ашықтығын және олар бойынша салық төлеуді қамтамасыз етеді.

Осы сын-қатерлер жағдайында мемлекеттің жаңа экономикалық стратегиясы тұрақты дамуды қалыптастыру үшін экспорттық-шикізат моделінен кетуге және "жасыл экономикаға" көшуге бағытталуы тиіс, деп атап өтті Ә. Смайылов.

Қазақстанның мемлекеттік қаржы саласындағы жаңа экономикалық стратегияны іске асырудағы маңызды қадам 2000 жылы Ұлттық қор құру болды. Бұл шара елдегі макроэкономикалық тұрақтылықты қолдаудың және «голланд ауруынан кетудің маңызды құралы болды».

2016 жылы Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы қайта қаралды, онда қор қаражатын қалыптастыру мен пайдаланудың жаңа тәсілдері айқындалған.

Бұл қадам елдің болашақ ұрпақтары үшін мұнай кірістерін жинақтау және республикалық бюджеттің әлемдік шикізат нарығы конъюнктурасының өзгеруінен тәуелділігін төмендету саясатының қисынды жалғасы болды.

Қор қаражатын жинақтау мұнай секторы ұйымдарынан түсетін тікелей салықтар есебінен жүзеге асырылады, ал экономикалық өсуді ынталандыруға, ұлттық ауқымдағы өтелмейтін әлеуметтік маңызы бар жобаларды, стратегиялық маңызы бар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталған дағдарысқа қарсы бағдарламаларды қаржыландыру үшін пайдаланылады.

Тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу және "жасыл экономикаға" көшу жөніндегі келесі қадам стратегиялық бюджеттеуге көшу болып табылады.

"Бұл жағдайда біз мемлекеттік қаражатты нақты стратегиялық мақсаттарға, міндеттерге, тұтастай алғанда елдің даму басымдықтарына байланыстыру туралы айтамыз", - деп қортындылады Ә. Смайылов.