
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік крістер департаменті
Баспасөз хабаршысы
2018 жылдың 21 маусымында Алматы қаласы бойынша МКД ашық есік аясында «АСТАНА -1» кеден және салық әкімшілітендірудің автоматтандырылған жүйесі» - атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.
Ақпараттық жүйені талдау мақсатында өткізілген бұл шараға алып мегаполистегі ірі – ірі компаниялардың кеден өкілдерімен СЭҚ қатысушылар қатысты. Алғаш сөзді Алматы қ бойынша МКД Кедендік бақылау басқарамасының басшысы К.М. Бөкішев алып, атқарылып жатқан игі істермен танысытырып өтті. Соның ішінде электронды декларациялаудың басым бағыттарының нәтижелерімен таныстырып, оның өсуі жайлы шолып өтті. «Бүгінде Мемлекет басшысы салық және кеден саясаттары мен рәсімдер міндеттерін оңтайландыру, экспорттау және импорттау барысында кедендік процедураларға "Бір терезе"принципін еңгізу, электронды кедендік ресімдеу жүйесін енгізді дамыту, сонымен қоса, экспорт және импорттаудың құжаттарын қысқартып олардың өңделу уақытын қысқарту секілді басым бағыттарды тапсырған» - деп, КББ Кедендік декларациялауды бақылау бөлімше басшысының міндетін уақытша атқарушы Р.О Ақбергенов өрелі ойын ортаға салды.
«ASYKUDA АЖ – ASYCUDA World ЮНКТАД жаңғыртылған алаңы, БҰҰ-ның 95 елдерінде енгізілген (Грузия, Молдова, Украина, Ұлыбритания, Франция, Нидерланды, Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа) Doing Business рейтингісінде оң бағасы бар, ДКҰ және ДСҰ барлық нормаларымен стандарттарына сай. "Астана-1"АЖ бойынша тауарлар мен көлік құралдарын ресімдеу бірінші кезекте СЭҚҚ рәсімдердің оңтайландыру үшін бағыталған» -деп, Кедендік декларациялауды бақылау бөлімшесінің бас маманы Г. М. Құлмұхамбетова дөңгелек үстелді қорытындылап, АСТАНА -1 кеден және салық әкімшілітендірудің автоматтандырылған жүйесінің артықшылықтарымен таныстырып өтті.
Еңгізудің арттықшылықтары:
-"Е-лицензиялау" Мемлекеттік деректер базасымен біріктіру;
- Электрондық құжаттарды қадағалау уақыты мен мәртебесі;
-Жүктердің қозғалысын онлайн-режимде қадағалау және кедергісіз олардың транзиті;
- Е-құжаттардың 1000 форматтары;
- Е-құжаттарды көп мәрте пайдалану;
- Форматтық-логикалық бақылау;
- Біріктірілген кедендік тариф;
- Кедендік төлемдерді және салықтарды автоматты түрде есептеу;
- Біртұтас техникалық платформаға барлық процестерді біріктіру;
- КТБ және ФЛБ деректерді өңдеу және еңгізу уақытын қысқарту;
- Мониторинг,нақты уақыттағы есептер және статистика;