Жарияланған күні: 02.06.2025 17:52
Өзгертілген күні: 02.06.2025 17:52

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Halyk Bank және Amian мобильді қосымшасымен бірлесіп, «Чекті талап ет — Halyk Bank-тен сыйлық ұтып ал!» атты республикалық акцияны іске қосады.

      Бұл бастама қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды танымал етуге, фискалдық тәртіпті арттыруға және тұтынушылардың саналы мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған.

     Акция өткізу мерзімі: 2025 жылғы 1 маусымнан 30 қарашаға дейін.

     Қазақстанның барлық өңірлерінің тұрғындары қатыса алады.

     Қатысу шарттары:

     Halyk Bank картасы немесе Halyk QR-коды арқылы Halyk POS-терминалдарда сауда жасаңыз;

     Фискалдық чектерді Amian мобильді қосымшасына жүктеңіз;

      Amian профиліңізде ЖСН көрсетілгеніне және төлем картасы өз атыңызға рәсімделгеніне көз жеткізіңіз — бұл ұтыс ойынына дұрыс қатысу үшін маңызды.

    Сыйлықтар:

      Ай сайын — еліміз бойынша 30 жеңімпаз анықталады.

      Әр жеңімпаз Halyk Bank-тегі бонус шотына 100 000 бонус алады.

      Жеңімпаздар RANDOM.ORG сайты арқылы кездейсоқ түрде анықталып, әр айдың 15-іне дейін @halykbank.kz ресми Instagram парақшасында тікелей эфирде жарияланады.

      Amian қосымшасы — чектерді сақтау мүмкіндігін беретін цифрлық көмекші.

Қосымша App Store және Play Market платформаларында тегін жүктеп алуға қолжетімді.

      Маңызды:

       Мемлекеттік кірістер комитеті ескертеді: фискалдық чекті талап ету — бұл тек сыйлық ұтып алу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар тұтынушы ретіндегі құқықтарыңызды қорғау, есеп айырысудың ашықтығына ықпал ету және адал кәсіпкерлікті дамыту жолы.

      Әрбір чекті — сыйлыққа және қаржылық мәдениетке жасалған қадамға айналдырыңыз!