Дата публикации: 20.09.2018 12:22
Дата изменения: 20.09.2018 12:22

2018 жылдың 1 тамызынан бастап, еgov.kz порталында барлық салықтарды және бюджетке төлейтін міндетті төлемдерді авторизация жасамай және ЭСҚ қол қоймау мүмкіндігінсіз-ақ салықтарды төлеу бойынша жаңа қызмет пайда болды. Осыдан ертеректе «электрондық үкімет» порталында жеке тұлғалар үшін, салықтың үш түрін төлеу ғана қол жетімді болған: яғни бұлар мүлік салығы, жер салығы және көлік салығы.

Egov.kz «Электронды үкімет» порталында салық төлеу бойынша нұсқаулар

Egov.kz порталында «Салықтар және қаржылар» - «Салық салу» - «Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу» және «Онлайн ресімдеу» батырманы басып, қызметке тапсырыс беруге болады. Салық төлеушінің ЖСН/БСН, мемлекеттік кірістер органының атауын, төлем сомасын, бюджеттік сыныптамасының кодын таңдағаннан кейін жүйе салықты төлеу бөліміне өтуді автоматты түрде ұсынады. Барлық процедура аяқталғаннан кейін төлем болғанын растайтын электронды чек беріледі.