Дата публикации: 13.07.2018 18:11
Дата изменения: 13.07.2018 18:15

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Алмалы-КРО» кеден бекетінің қызметкерлері «Донор бол-өмірге үміт сыйла» атты еркін түрдегі донорлық акциясын өткізді, бұл акцияға қатысуда кедендік өкілдер де өз белсенділіктерін көрсетті.

         Кездейсоқ түрлі апаттарға тап болып, ауыр жарақат алған адамдарға күрделі ота жасау кезінде  және де онкологиялық ауруларға шалдыққан балаларға міндетті түрде қан құю жажеттілігі туындайды.

         Міне, осыны ескерген кеденшілер игі іс атқарып, еркін түрде қан тапсырды. Әрі олар донор болуға лайықты болу үшін тұрақты түрде медициналық тексерістерден өтіп, салауатты өмір салтын сақтай отырып, денелерін үнемі шынықтырып отырады.

         Республикалық қан орталығының ең басты екі негізгі қызметі- донордың және оның қанынан дайындалған өнімнің қауіпсіздігі,сондықтан қайырымдылық орталық мамандары сауалнама толтыруды талап етеді. Дәрігерлік тексеруден қан тобы,резус-факторы  және гемоглобин деңгейі анықталып,қан зертханаға жіберіледі. Ең таңдаулы дүниежүзілік өндірушілердің бір ерттік пайдаланылатын залалсыздандырылған шағын материалдары қолданылады.Қызметкерлер тек жеке қорғаныс құралдарын пайдалану арқылы ғана жұмыс жасайды.

         Аталған кеден бекеті соңғы жылдары үнемі қан тапсыру орталығымен бірлесіп жұмыс істеп келеді. Сондықтан, қызметкерлер аталған акцияға қатыса отырып, ең алдымен, донорлық қанға мұқтаж жандарға көмек беруді көздейді.