Дата публикации: 12.06.2019 12:07
Дата изменения: 12.06.2019 12:07

Бес айдың қортындысы бойынша бюджеттің барлық деңгейлерінде кірістердің өсу қарқыны байқалады: мемлекеттік бюджет – 115,5%, республикалық бюджет – 119,3% және жергілікті бюджет – 106,3%.Бюджет шығыстарын игерудің проценті 2018 жылдың бес айымен салыстырғанда жақсарды.

КІРІСТЕР БОЙЫНША

Мемлекеттік бюджетке есепті кезеңде
3 трлн. 800 млрд.теңге қаражат түсті, немесе жоспар 105,4%-ке орындалды.

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда кірістер 510 млрд.теңгеге көп жиналды.

Республикалық бюджеттің кірістері 2 трлн. 783 млрд.теңгеге орындалды.

Олар жоспардан 2,7%-ке немесе 73 млрд.теңгеге асыра орындалды.

Асыра орындау сомасы негізінен салықтар бойынша қалыптасты.Бұған мынадай негізгі факторлар ықпал етті: экспорттық тауар бажы мөлшерлемелерінің және бірқатар салалардағы тауарлар мен қызметтердің көлемінің өндірісінің өсуі себеп.

Бірақта, корпоративтік табыс салығы және импортқа салынатын қосылған құн салығы бойынша жоспар, тиісінше 17 млрд.теңгеге және 38 млрд.теңгеге орындалмады.

Корпоративтік табыс салығының толық орындалмауына көбінесе екінші деңгейлі банктердің табыстылығының әлі де болса төмендеуі себеп болды.

Бірқатар ірі салық төлеушілерден түсімдердің азаюына байланысты импортқа салынатын ҚҚС орындалмады.

Кірістерді әкімшілендіруде басты назар бұзушылықтардың жоғары қаупі бар салықтөлеушілерге аударылды. Бұл жұмыс тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберінде камералдық бақылау арқылы жүргізілді.

Камералдық бақылау бойынша жіберілетін хабарламалар саны 2 есеге өсті.

Нәтижесінде салықтарды  өндіріп алудың коэффициенті 86 процентке жетті немесе оның үлесі 7%-ке ұлғайды. 

Бюджетке қосымша 31 млрд.теңге түсті.

Жергілікті бюджетердің өз кірістері 113,4%-ке немесе 120 млрд.теңгеге артығымен орындалып, 1 трлн. 17 млрд.теңгені құрады.

Шымкент (98,6%) және Нұр-Сұлтан (99,7%)  қалаларында кірістердің жоспары орындалмады.

ШЫҒЫСТАР БОЙЫНША

Республикалық бюджет шығыстары 4 трлн. 894 млрд.теңгеге игерілді. 

Өткен жылдың 5 айымен салыстырғанда шығыстардың көлемі 1 трлн. 209 млрд.теңгеге өсті. 

Атқарылмау сомасы 59 млрд.теңгені құрады.
10 млрд.теңге - үнемдеу сомасы.

49 млрд.теңге игерілмеді.

Ең көп игерілмеу сомалары келесі әкімшіліктерде қалыптасты:

Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш министрлігі – 10 млрд.теңге;

Орталық сайлау комиссиясы – 8 млрд.теңге;

Қорғаныс министрлігі – 4,6 млрд.теңге;

Қаржы министрлігі – 4,6 млрд.теңге;

Жоғарғы Сот – 4,3 млрд.теңге.

Игерілмеудің негізгі себептері: мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыру, конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу, орындалған жұмыстар актілерін уақтылы ұсынбау, қазынашылық органдарына тіркеуге шарттар мен қосымша келісімдерді кеш ұсыну.

Республикалық бюджетте өңірлерге 1 трлн. 638 млрд.теңге нысаналы трансферттер қарастырылған.

Есепті кезеңде оларға 407 млрд.теңге бөлінді. Оның 97,9%-ті игерілді.

8,5 млрд.теңге атқарылмады.

Оның 1,5 млрд.теңгесі үнемдеу сомасы болады.

7 млрд.теңге игерілмеді.

Неғұрлым көп игерілмеу: Нұр-Сұлтан қаласында – 1 млрд.теңге, Жамбыл – 0,9 млрд.теңге, Батыс Қазақстан және Түркістан тиісінше 0,7 млрд.теңгеден, Ақтөбе – 0,6 млрд.теңге - облыстарында.

Игерілмеудің себептері: төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың ұсынылмауы, жұмыстардың бекітілген кестеден қалуы, конкурстардың өткізілмеуі.

5 айдың қортындысы бойынша біз құрлысқа берілген қаражаттардың атқарылуына жедел талдау жүргіздік.

Республикалық объектілерге  283 млрд.теңге қарастырылған.

1 маусымға  міндеттемелер 177 млрд.теңгеге қабылданған.

Жылдық жоспардың (283 млрд.теңге) 106 млрд.теңгесіне әлі де болса міндеттемелер қабылданбаған.

Осы соманың негізгі бөлігі 65 млрд.теңге автомобиль жолдарын салу жобаларына келеді.

Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы, Мәдениет және спорт министрліктері кейбір құрылыс объектілеріне конкурс әлі өткізбеген.

Енді  нысаналы трансферттер мен кредиттер есебінен салынатын жергілікті жобаларға келсек.

Оларға республикалық бюджетте 631 млрд.теңге қарастырылған. Оның 415 млрд.теңгесі - басталған объектілер, 216 млрд.теңгесі - жаңа объектілер.

Есепті кезеңде қазынашылық органдарында 409 млрд.теңгеге немесе жылдық соманың 65%-не  міндеттемелер тіркелген.

222 млрд.теңгеге міндеттемелер қабылданбаған, оның ішінде 85 млрд.теңге - басталған жобалар  және 137 млрд.теңге - жаңа жобалар.

1 маусымға жаңа объектілер бойынша 90 млрд.теңгеге  конкурстар жарияланған.

47 млрд.теңгеге конкурстар жарияланбаған.

Қаржы жылының бес айы аяқталғанмен, орталық және жергілікті органдар тарапынан мемлекеттік сатып алу процедураларын созбалау байқалады.

Осындай жұмыстың нәтижесі жыл соңында тиімсіз игеруге әкелуі мүмкін.

2018 жылдың есебін Парламентте  талқылау кезінде бюджет қаражатының  тиімділігі  басты мәселелердің бірі болды.

Сондықтан, бюджеттік бағдарлама әкімшілері мен жергілікті атқарушы органдар жарты жылдықтың қортындысы бойынша конкурстарды барынша аяқтауы қажет.

МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ЖӘНЕ КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУ БОЙЫНША

5 айдың  қортындысы бойынша 1 мың 462 аудиторлық іс-шаралар жүргізілді. Ол 2018 жылдың сәйкес кезімен салыстырғанда 226 іс-шараға көп.

292 млрд.теңге бюджет қаражаты аудитпен қамтылды.

48 млрд.теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.

Тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу, есеп бойынша көрсету жолымен 39 млрд.теңгеге қаржылық бұзушылықтар қалпына келтірілді.

Аудит объектілерінің қызметтерін жетілдіру және тиімділігін арттыру үшін 1 мың 170 ұсыныс берілді.

Олардың 669 орындалды.

Қалғаны бойынша аудит объектілері жұмыс жүргізуде.

Камералдық бақылаумен жалпы сомасы 4 трлн. 476 млрд.теңгеге 676 мың мемлекеттік сатып алу процедуралары қамтылды.

Қорытындысында 13 мың 593 процедура бойынша сомасы 261 млрд.теңгеге мемлекеттік сатып алу заңнамасының бұзушылығы анықталды.

Осы бұзушылықтарды жою үшін аудит объектілеріне
13 478 хабарлама жолданды.

Нәтижесінде 215 млрд.теңгеге бұзушылықтарға жол берілмеді.

Олар конкурстық құжаттарға өзгерістер енгізу және сатып алудың қортындыларын қайта қарау арқылы түзетілді.

Ағымдағы қаржы жылының 5 айының қортындылары осындай