Похожее изображениеҚұрметті салық төлеушілер!

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енді, онда тауарлармен электрондық сауданы реттейтін негізгі ұғым, сондай-ақ тауарлармен электрондық сауданы салықтық әкімшілендірудің негіздері берілген.  Бұдан басқа, салық кодексінде тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін корпоративтік табыс салығы мен жеке табыс салығы бойынша салық жеңілдіктері көзделген.