Жарияланған күні: 10.01.2017 12:36
Өзгертілген күні: 03.02.2017 15:11

Құрметті салықтөлеушілер!

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке кәсіпкер ретінде тіркелу хабарландыру тәртібіне өткендіктен азаматтардың ыңғайлығы үшін Алматы қаласының барлық аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларында хабарландыруларды қабылдайтын және кеңес беретін жұмыс топтарының құрылғанын хабарлайды. 

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке кәсіпкер ретінде тіркелу тәртібі хабарландыру арқылы жүзеге асатынын еске саламыз. Осыған орай, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өту үшін жеке тұлғалар рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган бекіткен хабарландыру түрін мемлекеттік кірістер органдарына немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына тікелей немесе электронды түрде тапсыру қажет  

Кесте 1. Аудандық мемлкеттік кірістер басқармаларының мекен-жайлары мен байланыс телефондары

МКБ

Аудан

Мекен жайы

Сенім телефоны:

6003

Әуезов

Алтынсарин 23 (Шаляпин к-нің қиылысы)

303-42-62

6004

Бостандық

Айманов 191 (Жандосов к-нің қиылысы)

274-80-74

6005

Жетісу

Абылай хан 2 («Алматы-2» т/ж вокзалы)

274-80-74

6007

Алмалы

Абылай хан 93/95 (Қазыбек би к-нің қиылысы)

267-15-40

6008

Түрксіб

Шолохова 14 (уг.ул.Акынов)

221-58-68

6009

Медеу

Абылай хана 93/95 (Қазыбек би к-нің қиылысы)

272-11-34

6010

Алатау

Жанқожа батыр 24 (Шаңырак-2)

299-83-48

6011

Наурызбай

Ақсай ы-а 3а, 62а (Яссауи к-сі)

390-65-40