Жарияланған күні: 09.06.2016 17:03
Өзгертілген күні: 09.06.2016 17:18

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 432-V ҚРЗ Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне кеден өкілдерінің, тасымалдаушылардың, уақытша сақтау қоймасы, кеден қоймасы иелерінің және УЭО тізіліміне енгізу шартын сақтау бөлігіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Кеден өкілдерінің, тасымалдаушылардың, уақытша сақтау қоймасы, кеден қоймасы иелерінің және УЭО ретінде қызметті жүзеге асыру үшін, тиісті тізілімдерде тұру шартының бірі болып электронды түрде жазып берілетін шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімның) болуы көзделген.

Заңның 15-бабының 10-тармақшасына сәйкес кеден өкілдері, тасымалдаушылар, уақытша сақтау қоймасы, кеден қоймасы иелерінің және УЭО 2016 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде өз қызметтерін Заңның талаптарына сәйкес келтіруге тиіс.

Сонымен қатар, уақытша сақтау қоймаларының иелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы №144 бұйрығымен бекітілген, «Уақытша сақтау қоймасы иесінің мемлекеттік кірістер органдарының бейнеақпараттарға қол жеткізуін қамтамасыз ету қағидаларын» басшылыққа алу қажет.