Жарияланған күні: 23.01.2018 10:53
Өзгертілген күні: 23.01.2018 11:02

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен штатта кедендік өкіл үшін біліктілік аттестаты бар кедендік декларациялау жөніндегі маманның бар болу міндеттемесі алынып тасталған.

Кедендік өкілдің атынан кедендік құжаттарды құрайтын тұлғаларды есепке алу мақсатында, сондай-ақ аумақтық мемлекеттік кірістер органдарында «АСТАНА-1» АЖ тұтынушыларды тіркеу үшін, осы іс-шараларды тізімге қосылған кедендік өкілдердің жазбаша өтініші бойынша ғана жүзеге асыру қажет.

Басшысы не болмаса оны алмастырушы тұлға қол қойған жазбаша өтініште кедендік өкілдің атынан кедендік құжаттарды (ТД, ТД және т.б.) құрайтын жеке тұлғалар туралы мәлімет болу қажет.

Кедендік құжаттарды құраған тұлғалардың құрамы өзгерген жағдайда, тұлғаның мәліметтерін есепке алу және бақылау үшін кедендік өкілдер мемлекеттік кірістер органдарына дереу хабарлау қажет.

Сонымен бірге, кедендік өкіл оның атынан кедендік операцияларды жүзеге асыратын қызметкерлер бойынша ақпаратты уақытылы ұсыну үшін жауапты болады.