Жарияланған күні: 25.05.2016 16:15
Өзгертілген күні: 25.05.2016 16:22

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ҮШІН

АҢДАТПА

2016 жылғы 27 мамырда сағат 15-30-да ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті басшылығының және Америка Құрама Штатының Елшісі  Джордж А. Крол мырзаның  қатысуымен Америка құрама штатының Қорғаныс министрлігінің есірткіге қарсы күрес бағдарламасы бойынша ҚР ҚМ МКК Кинологиялық орталығы үшін салынған жаңа екі қабатты оқу-тұрғын үй ғимаратының салтанатты ашылуы өтеді деп жоспарлануда.

Іс-шараға  қатысу үшін құрметті қонақтар ретінде Алматы қаласының әкімі, Алматы қаласы Түркісіб ауданының әкімі, «Генералдар кеңесі» РҚҰ Төрағасы, ЕҚЫҰ Елшісі, ЦАРИКЦ директоры, ҚР Шекара қызметі, Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігінің Кинологиялық орталықтарының басшылары шақырылды.

Іс-шара барысында қонақтар орталықтың оқу және материалды-техникалық жабдықтарымен таныстырылады, қызметтік иттермен көрнекi көрсетулер көрселітетін болады.

 

БАҚ-ты аккредиттеу мына телефондар:

МКК:+7 (7172) 70-99-48, 70-99-22, 8-777-422-32-28, 8-701-358-31-97,

Кинологиялық орталық:  8-707-331-17-33, 8-705-263-25-35 және keden_kz@mail.ru; rsharipova@mail.ru; pressa@mgd.kz электрондық мекен-жайлары бойынша жүргізіледі.

 

Өткізілетін орны:  Алматы қаласы, Красногорская көшесі, 53.

БАҚ-ты тіркеу: 15-20 дейін.

                                                                       

  ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі