Жарияланған күні: 10.01.2017 11:05
Өзгертілген күні: 03.02.2017 15:09

Алматы қаласы бойынша Мүлікті жария ету акциясының қорытындылары

 

Қазақстан Республикасында 2014 жылдың 1 қыркүйек айында басталған мүлікті жария ету акциясы 2016 жылдың 31 желтоқсан айында өз мәресіне жетті.

Өткізелген акция нәтижесінде Алматы қаласының мемлекеттік кірістер органдары жалпы сомасы 2,8 трлн. теңгені құрайтын 8 156 азаматтардың мүліктерін заңдастырды. Оның ішінде 2,5 трлн. теңгені құрайтын 7 123 азаматтардың ақшалары заңдастырылды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының ішінде немесе шекарадан тыс орналасқан жылжымалы және жылжымайтын мүлікті, құнды қағаздарды және жарғылық капиталдағы үлесті жария етуге жатады.

Мүлікті (ақшадан басқасы) жария ету үшін арнайы мәлімдемелер 293,4 млрд. теңгені құрайтын 1 139 нысан бойынша түсті, соның ішінде 228,3 млрд. теңгені құрайтын 213 нысан Қазақстан аумағында орналасса, 213 нысан шетел елдердер орналасқан, сомасы 65,1 млрд. теңгені құрады.

Алматы қаласының тұрғындарынан мүлікті жария ету үшін төленген төлемдердің жалпы сомасы 6,5 млрд. теңгені құрады.