Жарияланған күні: 15.06.2018 16:57
Өзгертілген күні: 15.06.2018 19:26

2018 жылдың 15 маусымында Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен Алматы қаласы бойынша қаржы мониторингі Департаментімен бірлесе отырып, бағалы металдармен және асыл тастармен, зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын сондай-ақ жылжымайтын мүлікті алу-сату қызметін көрсететін, делдалдық жүзеге асыратын кәсіпкерлермен ауқымды семинар өткізді.

Сонымен қатар, аталмыш семинарға мамыр айының қорытындысы бойынша Алматы қаласы бойынша МКД «Чекті талап етіп- сыйлық ұтып ал!» - атты акциясының жеңімпаздары шақырылып, бағалы сыйлықтар табыс етілді:

  • Әшіркүл Жұмабекқызы
  • Шынар Исмағұлқызы
  • Айнұр Аманбайқызы

Семинар барысында Алматы қаласы бойынша қаржы мониторингі Департаменті басшысының орынбасары М.Д.Досхожаев «қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының нормалары жайлы кеңінен тоқталып кетті. Содан соң, сөзді Алматы қаласы бойынша МКД Талдау және тәуекелдер басқармасының басшысы Б.Ж. Қазақпаева семинарға қатысушыларға тәуекелдерді басқару жүйесі жайлы таныстырып, 2019 жылдан бастап салық төлеушілерді қандай жаңалықтар күтуде осы мәселеде жеке – жеке айтып өтті.

"Виртуалды қойма" ЭСФ АЖ – нің модулы және оның артықшылықтары туралы Алматы қ.бойынша МКД жанама салықтарды әкімшіліктендіру басқармасының бас маманы Ж.А. Мендеке түсіндіріп өтті.

Ал, Алматы қ.бойынша МКД камералдық бақылау басқарамасының бас маманы Ы.Т.Нүсіп бағалы металдармен және асыл тастармен, зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын сондай-ақ жылжымайтын мүлікті алу-сату қызметін көрсететін, делдалдық жүзеге асыратын кезде қандай салықтық әкімшілендіру шаралары орын алатындығы жайлы айтты.