Жарияланған күні: 29.08.2016 12:54
Өзгертілген күні: 29.08.2016 12:57

«Акциз тексер – жұлде ұтып ал!» акциясының тәртібі

Алкогольдік өнімдеріне есептік-бақылау маркаларының болуы мен түпнұсқалылығын  анықтау бойынша халықтың мүддесін көтермелеу бойынша акция (әрі қарай –Акция) Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы аумағында 2016 жылғы 1 қыркүйегінен 31 желтоқсанға дейінгі аралықта Қазақстан  Респуликасының қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті (әрі қарай – Департамент) өткізетін іс-шара болып табылады.

Акцияның негізгі мақсаттары

-                    алкогольдік өнімдердің көлеңкелі айналымымен күресуде азаматтық белсенділікті арттыру;

-                    салық төлеушілер арасында салықтық тәртіпті жоғарылату арқылы бюджетке төленетін төлемдерді түсуін ұлғайту;

-                    көлеңкелі экономика мөлшерін азайту;

-                    кәсіпкерлер арасында әділ бәскелестікті көтермелеу.

Жалпы жетекшілік және акцияға қатысушылар

Акцияға қатысушылар – акцияны өткізу кезінде алкогольдік өнімдеріне есепке алу-бақылау маркаларының  (әрі қарай – ЕАМ)  түпнұсқалылығын “Wipon” ұялы қосымшасы арқылы тексерген  Қазақстан Республикасы азаматтары болып табылады.

Акция ұйымдастырушысы - Қазақстан  Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті.

Акцияға қатысуға құқылы емес:

-                    Департамент жұмыскерлері;

-                    «Wipon» ұялы қосымшасын әзірлеуші компания  «Вайпоинг» ЖШС  жұмыскерлері

Акцияны өткізу тәртібі

Акцияны өткізу кезінде қатысушыларға тегін «Wipon» ұялы қосымшасы ұсынылады.

«Wipon» ұялы қосымшасы келесі функционалмен жабдықталған:

-                    ЕАМ штрих-кодты сканерлеу арқылы ЕАМ түпнұсқалылығын тексеру;

-                    ЕАМ сериясы мен нөмірін қолмен енгізу арқылы  ЕАМ түпнұсқалылығын тексеру;

-                    Ұтыс мәртебесі туралы хабарлама жүйесі;

-                    Акция шарттары.

Акцияға қатысатын ЕАМ тексеріс саны қатысушылар үшін сияқты тең шектелмеген.   

Акцияға қатысу үшін:

-                    тексеріс  ЕАМ штрих-кодты сканерлеу арқылы  іске асырылуы қажет;

-                    тексеру нәтижесі оң болуы қажет;

-                    ЕАМ сериясы мен нөмірін қолмен енгізу арқылы іске асырылған тексеріс акцияға қатыстырылмайды;

-                    Бір акциздік таңбаның бірнеше рет қайта сканирлеуі есепке алынбайды

-                    Белгісіз геолокациямен тексерістер есепке алынбайды

-                    Бір жабдықтың тексеру шектеуі - 1 күнде 30 рет

-                    Қосымшаның жоюы алдағы тексерістердің бәрін жояды

Акция жеңімпаздары ЕАМ тексеруін кездейсоқ таңдау арқылы анықталады.

Акция ұйымдастырушысының функциялары:

Есептік айдан кейінгі айдың 1 бастап 8 дейінгі күні акцияны өткізу кезеңінде ай сайын:

1) Алматы қаласы бойынша ЕАМ тексерулерінің тізілімін құрастыру;

2) 3 (үш) жеңімпазды анықтау, «Wipon» ұялы қосымшасынымен хабарламалар жіберу, жеңімпаздарды іріктеу қорытындысы бойынша хаттама жасау және бекіту, жеңімпаздарды іріктеп алу нәтижелерін хабарлау;

3)Жеңімпаздарға Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының құрмет грамотасы мен құнды сыйлықтарын табыс ету;

 

2017 ж . 9 және 15 қаңтар аралығында:

1) Акцияны өткізу кезінде Алматы қаласы бойынша ЕАМ тексерулерінің тізілімін құрастыру;

2) Басты жүлдеге ие болған 1 (бір) жеңімпазды анықтау, «Wipon» қосымшасы арқылы жеңімпазға хабарлама жіберу, жеңімпазды іріктеу қорытындысы бойынша хаттама жасау және бекіту,  жеңімпазға іріктеу нәтижелерін хабарлау;

3) Жеңімпазға Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті басшысының құрмет грамотасы мен басты жүлдені табыс ету.

 

Ұтыс ойынын өткізу  рәсімі

Ай сайынғы ұтыс ойынында ағымдағы айда өткізілген ЕАМ тексерістері ғана қатысады, өткен немесе келесі ай ұтыс ойынына қатысуға құқылы емес. 

Басты жүлдені ойнату акцияның барлық кезең тексерістері қатысады.

Басты жүлде ұтыс ойыны Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаметінің конференц-залында мына мекенжай бойынша өткізіледі: Алматы қаласы Абылай хан көшесі 93/95

Акция жеңімпаздары туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдары мен Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментнің www.almaty.kgd.gov.kz  интернет-көздерінде болады.

 

Жүлделерді беру рәсімі

Жүлделерді алу барысында жеңімпаздар Департамент жұмыскерлеріне жеке басын куәландыратын құжат және «Wipon» қосымшасы арқылы жіберілген хабарландырудағы жеңімпаз кодын көрсетулері тиіс.

Басты жүлдені алу барысында Жеңімпаз өзі туралы жеке ақпараттар мен жүлде туралы ақпарат, оның ішінде оның бағалау құны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасына сәйкес жеке тұлғалардың кірістеріне салық төлеу міндеттері туралы ақпарат болатын тапсыру-қабылдау актісіне қол қоюы тиіс.

Жеке басын куәландыратын құжат болмаған жағдайда және/немесе Жеңімпаз жүлденің тапсыру-қабылдау актісіне қол қоюдан бас тартқан жағдайда Жеңімпаз Жүлдені алу құқығынан айырылады, ал Департамент жұмыскерлері Жүлдені бермеуге құқылы.

 Алынған жүлде үшін салық төлеу жауапкершілігі салық агентіне жүктеледі. Жұлделер олардың ақша баламасына айырбасталмайды. Бір жүлдені басқа жүлдемен алмастыруға рұқсат етілмейді.

Жеңімпаздармен ұтып алынған құнды жүлделер салық агенті салықтық заңнамамен бекітілген мөлшердегі жеке кіріс салығын шегергеннен кейін табысталады.

Егер  жеңімпаз Алматы қ. тұрмайтын болса Департамент акция жеңімпазының Алматы қаласына дейін және кері қайтуына, жол жүруіне байланысты қандай да бір