Date of publication: 19.06.2018 15:09
Date of changing: 19.06.2018 16:12

ҚР мемлекеттік қызметкерлер  күнінің 20 – жылдық мерейтойы қарсаңына ұйымдастырылған шара 2018 жылдың 16 –ші маусымында «Алға басу – движение вперед» - атты қайырымдылық марафоны Алматы қаласында өтті.

Аталмыш ауқымды шараға Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің әкімшілік және құқық қорғау блоктарының 800 –ге жуық қызметкерлері қатысты.

Бұл қайырымдылық акцияның мақсаты салауатты өмір салтын ұстанумен қатар, Қазақстандағы ауыр дертке шалдыққан балаларға көмек көрсетіп, «Балаларға өмір сыйла» қайырымдылық жобасын, «Ерікті Қайырымдылық Қоғам» Қоғамдық Қорын қолдау болып табылады.

Бұл марафонның ерекшілігі еліміздің барлық аймақтарында бірден қолдау табуы. Бұл шараға 16 000 ға жуық адам, соның ішінде  Алматы мен Астана қалаларының облыс орталықтарының мемлекеттік қызметкерлері қатысты. Жүгіру екі қашықтық бойынша сыналды. Ерлер қауымы - 2, 5 км болса, ал  қыз- келіншектер 1,5 км қашықтықта жүгіріп шықты.