Date of publication: 15.05.2015 09:52
Date of changing: 21.05.2015 09:59

 

Қазақстанда бақылау кассалық машиналарын қолданудың жаңа тәртібі.

 

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Салық кодексінің 645 бабының 1 тармағына сәйкес,  бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын салық төлеушілер 2015 жылдың 1  шілдесіне дейін онлайн тәртіпте жұмыс жасайтын жаңа кассалық аппарат орнатулары міндетті.

29.12.2014 ж. № 1393 Үкіметтің Қаулысына сәйкес, қазыналық ақпарат операторы, яғни  салық қызметі органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін заңды тұлға болып «Қазақтелеком» АҚ айқындалды.

Соған сәйкес, Бақылау кассалық машиналарын(бұдан әрі- БКМ) қолнадудың жаңа тәсіліне өту үшін:

1.  Техникалық қызмет көрсету орталығына мәлімет беру функциясы бар БКМ алу;

2.  www.oofd.kz  ВЕБ-РЕСУРСЫНАН қазыналық ақпарат оператор келісімшартын жүктеп, оны шығарып, қол кою және мөр басу;

3.  Сұраным беру және қызметін жүзеге асыратын жергілікті мемлекеттік кірістер органдарынан БКМ тіркеу картасын алу;

4.  БКМ мемлекеттік кірістер органдарында тіркегеннен кейін жоғарыда көрсетілген порталдан БКМ ID мен токенін алу қажет.

Қосымша ақпарат алу үшін, Сіз қызметіңізді жүзеге асыратын аумақ бойынша келесі байланыс телефондарына хабарласа аласыз:

Әуэзов  ауданы – тел. 303 25 69

Бостандық ауданы – тел. 274 80 30;

Жетісу ауданы – тел. 279 29 54;

Алмалы ауданы – тел. 267 69 80;

Түрксіб  ауданы – тел. 235 25 01;

Медеу ауданы – тел. 272 80 79;

Алатау ауданы – тел. 299 87 22 .